Жаңалықтар тізбегі
0

Зәкүнді өте жақсы білетін жігіттің анасы Президенттен көмек сұрады

Instagram, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.02.2021 22:33 Instagram
Сонымен бірге ол қазақстандықтардан ұлына қатысты жағдайды назардан тыс қалдырмауды өтінеді.

Бір жылға сотталған қоғам белсендісі Руслан Жанпейісовтің (шын аты-жөні - Бейбарыс Райымбеков) анасы Президентке құзырлы органдардың заңсыз әрекеттеріне назар аударуды сұрап, үндеу жолдады, деп хабарлайды zakon.kz.

2020 жылдың 30 шілдесінде Жанпейісов денсаулыққа қасақана зиян келтіргені үшін, сондай-ақ үкімет өкіліне тіл тигізгені және видео таратқаны үшін бір жылға бас бостандығынан айырылды.

Бүгін, 3 ақпанда желіде Руслан Жанпейісовтің анасының Қасым-Жомарт Тоқаевқа жолдаған видео үндеуі пайда болды. Тұрсынкүл Жанпейісова ұлының Қызылордада жазасын өтеп жатқанын айтады.

Қазіргі уақытта Қызылорда облысының прокуратурасы жазаны ауыстыруы үшін оның бостандыққа шығуына кедергілер келтіріп жатыр. Бір айдан астам уақыт бұрын сот шешімімен Бейбарыс Райымбеков босатылып, отбасына оралуы керек еді. Бірақ прокуратура оны колонияда заңсыз ұстап отыр. Ол Бас Прокурорға шағым жазды, бірақ хаттың уақытында Бас прокурорға жетпеуі үшін облыстық прокуратура оны орта жолдан ұстап, түпнұсқаны алып қойған, - дейді назалы ана.

Жанпейісовтің анасы Президенттен құзырлы органдардың заңсыз әрекеттеріне назар аударуды сұрайды. Сонымен бірге ол қазақстандықтардан ұлына қатысты жағдайды назардан тыс қалдырмауды өтінеді.

Бұған дейін "сауатсыз полицияларды аулаушы" деген лақап атқа ие болған Жанпейісов заң бұзушылық үшін бір айдан астам уақыт әкімшілік қамауға алынған болатын. Жалған құжаттар жасағаны үшін оның үстінен қылмыстық іс қозғалғаны айтылды. Қамауға алынғаннан кейін босатылған кезде қоғам белсендісі бұдан былай Қазақстандағы полиция қызметкерлерін түсірмейтінін айтып, Ішкі істер министрлігін сынағаны және басқа да түсірген видеолары үшін кешірім сұраған.

Желіде блогердің сотталуына себеп деген оқиғаның видеосы да бар.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: