Sputnik V вакцинациясынан кейінгі иммунитеттің күші 2 жыл бойына сақталуы мүмкін

rbk.ru, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.02.2021 23:05 rbk.ru
Вакцинаны жасаушылар Sputnik V орташа және ауыр дәрежедегі Covid-19-дан 100% қорғайтынын атап көрсетеді.

Sputnik V вакцинациясынан кейін қалыптасқан иммунитеттің күші 2 жыл бойына сақталуы мүмкін. Бұл туралы Мемлекеттік бас санитарлық дәрігер, ҚР денсаулық сақтау вице-министрі Ерлан Қиясов айтты, деп хабарлайды zakon.kz тілшісі.

Кеше ғана әлемдегі жетекші медициналық ғылыми журналдардың бірі - Lancet SARS-CoV-2 коронавирусын жұқтыруға қарсы Sputnik V вакцинасының тиімділігі 91,6% құрады деп хабарлады. Сонымен қатар, Sputnik V-ден кейін қалыптасқан иммунитеттің кем дегенде екі жыл сақталатындығы дәлелденді, - деді Қиясов ОКҚ-да өткен брифингіде.

Сондай-ақ ол вакцинаның коронавирустың британдық және оңтүстік африкалық сынды жаңа түрлеріне қарсы тиімді болатындығының да маңыздылығын атап өтті.

Вакцинаны жасаушылар Sputnik V орташа және ауыр дәрежедегі Covid-19-дан 100% қорғайтынын атап көрсетеді.

Айта кетсек, 1 ақпанда Қазақстанда коронавирусқа қарсы халықты жаппай вакцинациялау науқаны басталды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Пікірлер (0)
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: