Балқаш ауданында Жамбыл облысының тұрғынынан 100 келі балық тәркіленді

zavidovo.kz zavidovo.kz
Жамбылдық жігіттің заңсыз әрекеті мемлекетке 360 мың теңгеден астам материалдық шығын әкелген.

Балқаш ауданының табиғат қорғау полицейлері басқа да мүдделі мемлекеттік органдармен бірлескен рейд жүргізу барысында Қараой ауылының тұсында еш тиісті рұқсаты болмаса да, ірі көлемде балық аулаған браконьерді ұстаған. Тексеру барысында ұсталған адамның заңмен тыйым салынған пластикалық ауды пайдаланғаны анықталды, деп хабарлайды Алматы облысы ПД баспасөз қызметі.

Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 335-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Ұсталған азамат Жамбыл облысы Мойынқұм ауданының 1979 жылы туған тұрғыны болып шықты. Оны ұстау кезінде 100 килограмнан астам балық тәркіленді, деді Балқаш ауданы Полиция бөлімі бастығының міндетін атқарушы полиция подполковнигі Дәурен Құтпанов.

Полиция басшысының ақпаратына сәйкес, браконьерден тәркіленген балықтар арнайы қабылдау орындарына өткізіледі және түскен қаражат мемлекет пайдасына аударылады. Табиғат қорғау ұйымдарының санауынша, жамбылдық жігіттің заңсыз әрекеті мемлекетке 360 мың теңгеден астам материалдық шығын әкелген.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз