Пандемия кезінде Қазақстан экономикасы жоғары төзімділік танытты - Мамин

Pixabay, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.02.2021 17:29 Pixabay
Қазақстанда цифрлық экономика көлемінің бұрын-соңды болмаған өсімі байқалады.

ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин коронавирус пандемиясына байланысты экономиканың барлық салаларында және халықтың өмірінде цифрландырудың бұрын-соңды болмаған қарқыны жайлы айтты, деп хабарлайды zakon.kz.

Оның айтуынша, цифрлық технологияларды көбірек енгізу әлеуметтік шектеулер жағдайында жеке сектордың бизнесті жүргізуге бейімдеудің негізгі тетіктерінің біріне айналды. Мемлекеттік мекемелердің цифрлық шешімдерді жеделдетіп енгізуі халықтың физикалық қатысу мүмкіндігі шектеулі жағдайда мемлекеттік қызметтерді ұсыну қажеттілігіне жауап бере алды.

Қашықтықтан жұмыс пен оқытудың форматтарын кеңінен тарату қоғамның функцияларын тұрақтандыруға және халықтың кірісі мен өмір сүру сапасы деңгейінің құлдырауын болдырмауға мүмкіндік берді, - деді ол "Digital Almaty 2021" халықаралық форумында.

Нәтижесінде, Қазақстанда цифрлық экономика көлемінің бұрын-соңды болмаған өсімі байқалады.

Үкімет басшысы жаһандық қаржы институттарының деректерін келтіре отырып, осыған сәйкес 2020 жылы IT-технологияларға кеткен шығындар көлемі 3,9 трлн доллардан асқанын баса айтты. Бұлтты есептеу нарығы 20% -дан астамға өсіп, 266 млрд долларды құрады. Жедел үдемелі динамиканы ескере отырып, 2023 жылға қарай бұл көрсеткіш 600 миллиард доллардан асады деп болжанады.

Сандық технологияларды экономика мен өмірдің барлық салаларына жеделдетіп енгізу пандемияның жағымсыз салдары үшін тежеуші факторға айналды. Пандемия жағдайында Қазақстан экономикасы тұрақтылықтың жеткілікті жоғары деңгейін көрсеткенін қуана атап өткім келеді, бұл көбіне сандық шешімдердің мемлекеттік және жеке секторлардың барлық салаларына енгізілуіне байланысты, - деді Мамин.

Премьер-министр айқын шектеулерге қарамастан, Үкімет цифрлық инфрақұрылымның қолжетімділігі мен сапасын қамтамасыз ету бойынша жұмысты жеделдеткенін атап өтті.

2020 жылы біз 20 мың шақырымдық талшықты-оптикалық байланыс желісін салудың МЖӘ жобасын жүзеге асыруды аяқ шеніне жеткіздік. Мыңнан астам ұялы байланыстың базалық станциялары орнатылды, бұл аймақтардағы технологиялық теңсіздік деңгейін айтарлықтай төмендетуге мүмкіндік берді. Нәтижесінде, Қазақстан халқын Интернетпен қамту 99% құрады. Жалпы, онлайн форматта қолжетімді мемлекеттік қызметтердің үлесі 93% -ға жеткізілді, - деп мәлімдеді ол.

Бұл прогресс халықаралық институттар арасында кеңінен қолдауға ие болды, деп сөзін жалғастырды ол. 2020 жылы Қазақстан электронды үкіметті дамыту бойынша БҰҰ рейтингісінде 10 позицияға көтеріліп, 193 елдің ішінде 29-шы орынды иеленді.

zkadm
Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: