Жаңалықтар тізбегі
0

Бұл алалау болады! Ұлыбритания "вакцина төлқұжатын" енгізбейтін болды

Global Look Press/Steve Taylor/ZUMAPRESS.com, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.02.2021 16:31 Global Look Press/Steve Taylor/ZUMAPRESS.com
Егер кейбір елдерде вакцинация алғандығы туралы дәлел сұрап, осы форманы талап етсе, онда британдықтар емделуші дәрігерінен сондай құжатты сұрап, ала алады.

Ұлыбританияның вакцинация мәселесі жөніндегі министрі Надим Захави коронавирусқа қарсы екпе алған британдықтардың шетелге шығуына мүмкіндік беру үшін "вакцинация төлөқұжатын" енгізу жоспарда қарастырылмағанын айтты, деп хабарлайды zakon.kz РИА Новостиге сілтеме жасап.

Times осы аптада өзінің дереккөздеріне сілтеме жасай отырып, Ұлыбритания үкіметі "вакцинацияланғандардың төлқұжатын" енгізуді жоспарлауда және британдық шенеуніктер бұл іспен шұғылданып жатыр деп хабарлады. Газеттің туристік индустриядағы дереккөздері, егер Ұлыбританиядан келетін туристер коронавирусқа қарсы вакцина алғанына алға дәлел тарта алса, онда Греция оларды мамыр айында қабылдай бастайды.

Біріншіден, біз вакцинаның таралуына (вирустың) қалай әсер ететінін нақты білмейміз. Екіншіден, бұл алалау - кемсітушілік болар еді және менің ойымша, адамдар вакцинаны төлқұжатқа байланысты міндетті болғандықтан емес, өз қалауларымен алғаны дұрыс болар еді, - деді Захави осы негіздегі журналис қойған сұрағына берген жауабында.

Оның айтуынша, егер кейбір елдерде вакцинация алғандығы туралы дәлел сұрап, осы форманы талап етсе, онда британдықтар емделуші дәрігерінен сондай құжатты сұрап, ала алады.

Бірақ біз Ұлыбританияда төлқұжат енгізуді жоспарлап отырған жоқпыз, - деді британдық министр.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: