ҚР ІІМ штаты 3 мың адамға қысқарады

8 Ақпан 2021, 14:52
Сурет: dixinews.kz

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі министрліктегі және басқа да орталық атқарушы органдардағы штат санының шегіне өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасын дайындады, деп хабарлайды zakon.kz.

Атап айтқанда, құжатта 2021 жылдың 1 мамырынан бастап Ішкі істер министрлігі штаты санының шегін 2 924-ке қысқарту (мамандандырылған күзет бөлімшелері) қарастырылған.

Белгіленген шекті тағы қысқарту мемлекеттік органдар, оның ішінде Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты мен Бас прокуратурасына (аудандық және оған теңестірілген соттар мен қалалық прокуратуралар) бағынатын жекелеген объектілердің мемлекеттік қорғауға жататын нысандар тізімінен олардың күзеті функциясын бәскелес ортаға беруге байланысты шығарылуымен байланысты.

Қазіргі уақытта Ішкі істер министрлігінің штаты 126 563 адамды құрайды, қысқартудан кейін ол 123 639 болуы тиіс.

Қаулы жобасы "Ашық НҚА" веб-сайтында 2021 жылдың 22 ақпанына дейін қоғамдық талқы үшін орналастырылды.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?