Жаңалықтар тізбегі
0

Әркімнің 6 саны бар. "Миллионер кодын" білгендер байлыққа кенеледі

vedmochka.net, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.02.2021 21:47 vedmochka.net
"Миллионер коды" бүгінде бизнеске айналған.

Ризық несібеңіз артып, табысыңыз көбейеді! Ол үшін "миллионер кодын", яғни 6 саныңызды білсеңіз болды, байлыққа кенеліп, бақуатты ғұмыр кешесіз. Интернетте дәл осындай сарындағы жарнамадан көз сүрінеді. Ақыл айтқыштар мен ақыл сатқыштардың "бай болудың сыры мен жолдарын" әбден меңгерген жұрт енді "миллионер кодын" анықтауға жанталасуда. Сонымен бай болудың сыры неде? Миллионер коды жұмыс істей ме? Әлде бұл кей пысықайлардың ойлап тапқан маркетингтік жолы ма?

Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Бай боламын десеңіз, миллионер кодын анықтап алыңыз! Ол үшін небәрі туған күн, аты жөніңіз бен әкеңіздің аты қажет. Осыдан шыққан сан сіздің үлдемен бүлдеге орануыңызға өз септігіні тигізеді екен. Осы ретте бұл тек ақша табудың жолы ма әлде шынымен адамның бай болуына ықпал ете ме? Оны мамандардың өздерінен сұрап білдік.

Алуа Ғаббас, нумеролог:

Нумерологияда ең мықты техника болып саналады. Жұмыстың табыстың жолын ашады. Біріншіден сенім қажет керек, екіншіден әрекет ету керек. Санап қойып, оны күтіп отырудың қажеті жоқ. Ол аспаннан түспейді.Код миллионераны анықтағаннан кейін, адам ашық болу керек мүмкіндіктерге.

Жарқынай да дәл осы "миллионер кодын" есеп-қисапқа салғандардың бірі. Айтуынша, бай болудың кодына қатысты жарнаманы инстаграмнан көрген. Қызығушылық танытып, нумерлогқа өтініш қалдырыпты.

Жарқынай, қала тұрғыны:

4 санын жіберді. Екі бірдей. Осы санды сотовый пароль қойыңыз, приложение қойсын деді. Бұл декарьюдің басындағы мәселе. Одан кейін кредит, менде кішкентай сумма болды. Кіріп қарасам кредитімді жауып тастады.

Десе де "миллионер коды" бүгінде бизнеске айналған. Кей пысықайлар оны тек ақша табу үшін ғана қолданатын көрінеді. Оны нумерологтың өзі растап отыр.

Құралай Бақытқызы, нумеролог:

Иә көп сұрайды. Мамандық, мінезіңізді білгіңіз келмей ме? Тек сол керек дейтіндер бар. Ол маркетингтік ход. Мен оны қолданбаймын. Бірақ ол қатты сұранысқа ие. Егер ол жұмыс жасайтын болса, барлық нумерологтар миллионер болып кетпей ме? Сол себепті адамдарға айтамын ақылмен ойлану керек.

Психологтер фин және миллионер коды деген ұғымдарға үзілді-кесілді сенуге болмайды. Керісінше, мұндай сенім-нанымдар адамды адастырып, психикасын құртуы әбден мүмкін деген пайымда

Ержан Мырзабаев, психолог:

Сізге кодыңыз бойынша кедей боласын десе, сіз еңбектеніп бай болуыңыз мүмкін. Бірақ кодыңызда бай боласыз деп, еңбектемесіңіз сіз кедей боласыз! Бүгінгі таңда қоғамда танымал болып кетуі, адамдар жалқау. Жұмыс істегісі келмейді, еңбектенгісі келмейді. Кодтың арқасында ешнәрседен жоқ жерден бай болып кетемін деп!

Қысқасы, кімнің пайымы дұрыс не бұрыс екенін пішіп айту қиын. Тек әрекет еткен адам ғана берекет болмақ, дейді сарапшылар.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: