Алматыда қызды жабылып зорлаған экс-прокурор мен экс-банкир сотталды

dailynews.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.02.2021 21:42 dailynews.kz
Алматы прокуратурасы сотталушы экс-прокурор 2012 жылы прокуратура органдарынан жұмыстан босатылғанын, қазір оның өздеріне еш қатысы жоқ екенін түсіндірді.

Алматыда экс-прокурор мен банктің бұрынғы топ-менеджері топ болып қыз зорлағаны үшін сотталды, деп хабарлайды zakon.kz.

Қанат Әлімұлы " алдын ала келісіп, топ адаммен зорлау", сондай-ақ "топ адамның жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері" үшін деген баптармен кінәлі деп танылды. Ол 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол жазасын қауіпсіздігі орташа колонияда өтейтін болады.

Екінші айыпталушы да осы баптар бойынша 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол да жазасын қауіпсіздігі орташа колонияда өтейтін болады.

Тілембаев Ресейдің тумасы, Қазақстанның азаматы екендігі айтылады, ол ажырасқан, кәмелетке толмаған баласы бар, кепілмен босатылған. Енді ол түрмеге қайта жеткізілуі керек.

Әлімұлының да кәмелетке толмаған баласы бар екені белгілі.

Сот үкімін Алматы қаласының Бостандық аудандық соты шығарды.

Экс-прокурор мен банктің бұрынғы топ-менеджеріне Алматыда топ болып қыз зорлады деген айып тағылды. Оқиға 2019 жылдың қараша айында болған. Бір жігіттің қызды пәтеріне алып келгені хабарланады. Бірақ оларды пәтерде мас бейтаныс адамдар күтіп отырған. Бір сәтте төбелес басталады. Ер адамдар қызды ұрып тастайды, ал екі күдікті таңғы алтыға дейін жәбірленушіні зорлаған. Кейін олардың бірі прокуратураның бұрынғы қызметкері, екіншісі банктің топ-менеджері екені белгілі болды.

Алматы прокуратурасы сотталушы экс-прокурор 2012 жылы прокуратура органдарынан жұмыстан босатылғанын, қазір оның өздеріне еш қатысы жоқ екенін түсіндірді.

zkadm
Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: