Алматыны қар басып қалды

Алматы әкімдігі Алматы әкімдігі
Аудандық әкімдіктерде қар тазалау бойынша тәулік бойына кезекшіліктер ұйымдастырылды.

Алматы әкімдігінің мәліметінше, 10 ақпандағы таңертеңгі жағдай бойынша, қалаға қалыңдығы 10-15 сантиметр қар түскен, деп хабарлайды zakon.kz.

"10 ақпан сағат 06.30-дағы жағдай бойынша, қалада 10-15 см, ал таулы аймақтарда қардың қалыңдығы 20 см-ға дейін жетті.9 ақпан күні сағат 20.00-де қар жауа бастады", делінген әкімдік хабарламасында.

Көктайғақтың алдын алу мақсатында жолдарға, көшелерге, жолайлықтарының кіреберістеріне көктайғаққа қарсы материалдар себілді. Түнгі мезгілде патруль машиналарының еріп жүруімен қар тазалайтын колонналар ұйымдастырылды.

Қалада қар тазалау жұмыстарына 557 техника бірлігі, оның ішінде 221 құмлақтырғыш, 676 жол жұмысшысы жұмылдырылды. 3340 тонна көктайғаққа қарсы материалдар қолданылды.

https://static.zakon.kz/uploads/posts/2021-02/1612930500_almaty-ar.jpg

Қарды сыртқа шығару жұмыстары басталды, 830 текше метр қар шығарылды. Таңғы қарбалас шақтан соң қар сыртқа жаппай шығарылады.

Аудандық әкімдіктерде тәулік бойына кезекшіліктер ұйымдастырылды. 10 ақпан күнгі таңнан бастап қар тазалаумен 552 техника бірлігі, 1890 жол жұмысшысы айналысуда.

Тротуарлар, жаяу жүргіншілер аймағын, қоғамдық көлік аялдамаларын, автотұрақ қалталарын, жаяу жүргіншілер көпірін, саябақтар мен скверлерді тазарту жұмыстары жалғасуда.

https://static.zakon.kz/uploads/posts/2021-02/1612930476_ar-tazalau.jpg

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз