Димаш сұқбат барысында Америкаға кететінін айтып қалды

10 Ақпан 2021, 15:45
Сурет: видеодан алынды

Димаш Құдайберген өз шығармашылығын әрі дамыта түсу үшін АҚШ-қа көшіп баруға ниетті, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұл туралы әнші MTV USA телеарнасына берген екінші сұқбатында айтып қалған. Димаш бұл сұқбатынан үзіндіні Instagram парақшасында да жариялады.

Оның айтуынша, АҚШ музыкалық бизнестің нағыз бұрқ-сарқ қайнаған ортасы.

Димаш атап өткендей, оған ең жайлы орын, әрине отбасының жанында болғаны. Оның айтқанын түсінгеніміздей, онымен бірге Америкаға ата-анасы да барады, бірақ олар туыстарының қасында болу үшін Қазақстанға жиі келіп тұратын болады.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?