Синоптиктер Алматыда қашан күн қайта жылынатынын айтты

10 Ақпан 2021, 16:22
Сурет: Pixabay

Күн жылынып, Алматы тұрғындары көктем келгендей көңіл-күйге беріле бастағаны сол еді, 10 ақпанға қараған түні қалаға қалың қар жауып, қыс қайта оралып алды. "Қазгидромет" РМК мамандары алматылықтарға енді күн қашан жылынатынын айтты, деп хабарлайды zakon.kz.

Сонымен, 11 ақпанннан 12 ақпанға қараған түнде Алматыда жауын-шашын ауық-ауық жауады, жаңбыр себелейді, көктайғақ болады.

12 ақпанда түстен кейін және 13 ақпандағы ауа массасының фронтальды бөліктерге байланысты жауын-шашын азаюы керек. Көбіне күн бұлтты болады.

13 ақпанда + 6-8 ° С дейін күн жылынады деп күтіледі.

Алматыда үш күн бойы тұман түсіп, көктайғақ болады. Желдің жылдамдығы секундына 2-ден 7 метрге дейін жетеді.

Бұл жауын-шашын мен тұман ауа массасының фронтальды бөліктердің өтуімен, Ресейдің Таймыр облысынан ойысқан салқын ауа массаларының солтүстік-батысқа енуімен байланысты болды, деп атап өтті Дәулет Қисыбаев.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?