Нұр-Сұлтандағы Қабанбай батыр даңғылында автобус жолағы жойылды

astana.gov.kz astana.gov.kz
Жол белгілерін демонтаждау жұмыстары қолайлы ауа райы басталғаннан кейін жүргізілетін болады.

Нұр-Сұлтан қаласының Қабанбай батыр даңғылындағы қоғамдық көлік жолақтары 10 ақпаннан бастап алынып тасталды, деп хабарлайды zakon.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Қаланың көше-жол желісін жеңілдету мақсатында осы жылдың 10 ақпанынан бастап Қабанбай батыр даңғылы бойындағы Сығанақ көшесінен айналма жол айрығына дейінгі аралықта екі бағытта қоғамдық көлік жолақтары алынып тасталды.

Автокөлік құралдарының барлық түріне қалаға кірген кезде үш жолақ бойынша, қаладан шыққан кезде екі жолақ бойынша жүруіне рұқсат етіледі.

Жол белгілерін демонтаждау жұмыстары қолайлы ауа райы басталғаннан кейін жүргізілетін болады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз