Алматыдағы L-Capital инвесткомпаниясы кеңсесінде тінту жүргізілді

zakon.kz zakon.kz
Ведомствоаралық тергеу-жедел тобы құрылды.

Алматыдағы L-Capital инвестициялық компаниясы кеңсесінде полиция қызметкерлері тінту жүргізді, деп хабарлайды zakon.kz.

ҚР ІІМ баспасөз қызметі хабарлағандай, қазіргі уақытта Алматы қаласы ПД-ның Тергеу басқармасы салымшылардың ұжымдық өтініштері негізінде сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатқанын хабарлайды.

Ведомствоаралық тергеу-жедел тобы құрылды.

Компанияның кеңселерінде санкция бойынша тінту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Нақтылық, объективтілік және жан-жақтылық принциптерін қатаң сақтай отырып жүргізілген тергеу әрекеттері кешені барысында мән-жайлар анықталып, процессуалдық шешім қабылданады.

“L-Капитал” компаниясы басшылығының әрекетінен зардап шеккен азаматтар Алматы қаласы ПД Тергеу басқармасына өтінішпен жүгінуі немесе мына телефондарға қоңырау шалуы қажет: 8-701-624-28-24; 8-702-626-7797.

L-Capital қарапайым және артықшылыққа ие акцияларды шығаратын эмитент болып табылады. Қызметтің негізгі түрлері - консультациялар, инвестициялар, сонымен қатар тікелей инвестицияларды тарту саласындағы делдалдық (компанияның веб-сайтынан алынған ақпарат).

zkadm
Басты Топ LIVE Бәрі
bellz
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз