Қазақстанда үш күнде 300-ден астам интернет-алаяқтық фактісі тіркелді

15 Ақпан 2021, 12:46
Сурет: pexels.com

Елімізде жүргізілген жедел-профилактикалық іс-шаралары барысында үш күнде 300-ден астам интернет-алаяқтығы анықталды, - деді брифингте ҚР ІІМ Криминалдық полиция департаменті бастығының орынбасары Қанат Нұрмағамбетов, деп хабарлайды zakon.kz тілшісі.

Өкінішке орай, киберқылмыс оқиғалары, оның ішінде Интернет қолданушыларына қатысты алаяқтық әрекеттері жиілеп кетті. Өткен жылы осындай 14 мың қылмыс жасалған, 2021 жылдың қаңтарында бұл көрсеткіш 1 700-ден асты, - деді Қанат Нұрмағамбетов.

Оның айтуынша, көп жағдайда алаяқ бір дөйдалада, жәбірленуші де өз кезегінде бір дөйдалада болады. Қылмыскерлер қандай да бір ақшаға немесе жеке деректерге, әлеуметтік желілердегі аккаунттар мен электронды шоттарға қол жеткізу үшін әлеуметтік инженерия әдістерін шебер қолданады.

Ол Киберқылмысқа қарсы күрес орталығының құрамында Интернеттегі алаяқтықпен күрес бөлімшесі құрылып жатқанын және аймақтарда оларды ашу мен тергеу бойынша мамандандырылған топтар құрылғанын еске салды.

Интернеттегі алаяқтықтың алдын алу және оларды жасаған адамдарды анықтау және ұстау үшін 2021 жылдың 9-11 ақпан аралығында республикамызда "Anti-Fraud" жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді. Оның үш күнінде 300-ден астам қылмыс тіркелді. Бұрын жасалған алаяқтықтардың санына сай дерлік (279) тағы қылмыстардың беті ашылды, - деді криминалдық полиция басқармасы бастығының орынбасары.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?