"Жигули" жүргізушісінің айыппұлы көлігінің құнынан асып кетті

16 Ақпан 2021, 09:26
Сурет: видеодан кадр

Қызылордада айыппұлы, көлігінің құнынан бірнеше есеге асып түскен автокөлік анықталды, деп хабарлайды zakon.kz Астана телеарнасына сілтеме жасап.

Мұндай жағдай аймақта алғаш рет тіркеліп тұр.

"Ваз" маркалы автокөліктің айып алаңына қамалғанына төрт күн болған. Оның иесі сегіз айда 181 рет жылдамдық асырыпты.

Қазіргі таңда полицияға миллиондарды арқалаған жүргізушіні анықтау қиынға соғуда. Себебі шетелдік көліктің ешбір құжаты жоқ.

Айбек Жүнісқұлов, Қызылорда облыстық Әкімшілік практика бөлімі бастығының міндетін атқарушы:

Ресей Федерациясында тіркелген "ВАЗ 2107" автокөлігі "Арқан" жылдамдық өлшеуіш құралына 181 мәрте әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны анықталды. 181 мәрте түсіп 3 млн 591 мың 265 теңгеге айыппұл салынған. Бірақ барлығын кім жасағаны қазіргі таңда белгісіз.

М. Тоқтасынқызы


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?