Жаңалықтар тізбегі
0

Атырау тас жолында екі тәртіп сақшысы есірткімен ұсталды

kubnews.ru, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.02.2021 15:49 kubnews.ru
Күдіктілер ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 128-бабына сәйкес, қамауға алынды.

Әлеуметтік желіде полиция қызметкерлері екі ер адамды ұстап, олардан есірткі тәркілеп жатқан видеосы тарауда, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұл видеоға қатысты Атырау облыстық ПД пікір білдірді. Полиция полковнигі Ерден Төлемісов биылғы жылдың 14 ақпанында Атырау облысы Полиция департаментінің ішкі қауіпсіздік басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде екі полиция қызметкерін Атырау-Доссор тасжолында тыйым салынған заттардың заңсыз айналымы үшін ұсталғанын айтты.

Аталған фактіге сәйкес, Ішкі қауіпсіздік басқармасымен ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабының 3-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бойынша қылмыстық іс тіркелді. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Күдіктілер ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 128-бабына сәйкес, қамауға алынды, - деді Атырау облысы полиция департаментінің ішкі қауіпсіздік басқармасының бастығы, полиция полковнигі Ерден Төлемісов.

ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабы негізінде сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басқа деректері тергеу мүддесіне орай жария етуге жатпайды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: