Алматыда L-Capital компаниясының негізін қалаушы әйел ұсталды
polisia.kz
Қылмыстық істе жәбірленуші ретінде 50 адам қатысуда.
Алматыда L-Capital компаниясының негізін қалаушы адам ұсталды, деп хабарлайды zakon.kz.
59 жастағы азамат (әйел) уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Алматы қалалық ПД Тергеу басқармасына келіп түскен салымшылардың ұжымдық мәлімдемесіне сәйкес, ҚР Қылмыстық кодексінің 217-бабы, 3-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Ведомствоаралық тергеу-жедел тобы құрылды. Компанияның кеңселерінде тінту жүргізілді. Нақтылық, объективтілік және жан-жақтылық қағидаттарын қатаң сақтай отырып, жүргізілген тергеу әрекеттері кешені барысында істің мән-жайлары анықталады, сонымен қатар процессуалдық шешім қабылданады, - деді Алматы қалалық ПД басшысының орынбасары Рүстам Әбдірахманов.
Қалалық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, қылмыстық істе жәбірленуші ретінде 50 адам қатысуда.
Бұған дейін компанияның кеңсесінде тінту жүргізілгені хабарланған.
L-Capital - жай және артықшылықтары бар акцияларды шығаратын эмитент. Қызметтің негізгі түрлері - кеңес беру, инвестициялар, сонымен қатар тікелей инвестицияларды тарту саласындағы делдалдар болып табылады (ақпарат компанияның веб-сайтынан алынды).
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript