Елбасы Қарағанды ​​облысы экс-әкімінің қайтыс болуына байланысты көңіл білдірді

Елбасы сайты, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.02.2021 17:30 Елбасы сайты
80 жасына мемлекет қайраткері Петр Нефедов қайтыс болды.

Нұрсұлтан Назарбаев Қарағанды ​​облысының экс-әкімі Петр Нефедовтың қайтыс болуына байланысты марқұмның туыстары мен жақындарына көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды zakon.kz.

Қазақстанның Тұңғыш Президенті бұрынғы мемлекет қайраткері Петр Петрович Нефедовтың қайтыс болғаны туралы хабарды қабырғасы қайыса отырып, қабыл алды, деп хабарлайды Елбасы сайты.

Қарапайым кеншіден республикамыздың ірі индустриалды аймағы - Қарағанды ​​облысының басшысына дейінгі жүріп өткен ұзақ еңбек жолында ол еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына зор үлес қосты. Ол әрқашан өзінің бай өндірістік тәжірибесімен және білімімен, жоғары кәсіби шеберлігімен және ұйымдастырушылық қабілетімен ерекшеленді. Петр Петрович Нефедовтың жарқын бейнесі біздің жадымызда мәңгі сақталады, делінген жеделхатта.

80 жасында мемлекет қайраткері Петр Нефедов қайтыс болды. Бұл қайғылы хабар 15 ақпанда белгілі болды. Ол бес жыл бойы Қарағанды ​​облысының әкімі, одан кейін ҚР Энергетика, индустрия және сауда министрінің орынбасары, ҚР Энергетика және минералды ресурстар министрінің орынбасары, Премьер-министрдің кеңесшісі болып жұмыс істеді.

zkadm
Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: