Жыл соңына дейін 6,5 мың шақырым ақылы жол қолданысқа беріледі

16 Ақпан 2021, 11:53
Сурет: 24.kz

2021 жылы Қазақстанда 6,5 мың шақырым автомобиль жолын ақылы ету жоспарланған, - деді ҚР Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрі Бейбіт Атамқұлов бүгін үкімет отырысында, деп хабарлайды zakon.kz.

Жыл соңына дейін республикалық маңызы бар автожолдардың 90% және жергілікті жолдардың 76% жақсы және қанағаттанарлық жағдайға жеткізу жоспарланып отыр. 6,5 мың шақырым ақылы жол енгізіліп, ұлттық стандартқа сәйкес келетін жол сервисін 66% жеткізу көзделген, - деді Атамқұлов.

Оның айтуынша, теміржол көлігімен транзитті 23,1 млн тоннаға дейін немесе 12% -ға, контейнерлер транзитін 1 млн ЖФЭ-ға дейін жеткізу жоспарланған.

Сондай-ақ ол енгізілген шектеуші шаралар салдары көлік саласындағы физикалық көлем индексіне (ФКИ) кері әсерін тигізетінін баса айтты.

2021 жылдың қаңтарында ФКИ 82,6% құрады. Бұл ретте транзиттік контейнер тасымалында оң динамика сақталып, 81,4 мың ЖФЭ (жиырма футтық эквивалент) құрайды, өсім - 27% (2020 жылғы қаңтар - 64,1 мың ЖФЭ). Көліктің барлық түрлерімен жүк тасымалдау көлемі 0,28 млрд тоннаны немесе өткен жылдың сәйкес кезеңінің 93,4% құрады, - деп атап өтті Атамқұлов.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?