Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстан билігі АЭС салу туралы шешім қабылдаған жоқ

abctv.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.02.2021 19:48 abctv.kz
Министрлік атом электр станциясын салу туралы шешім қабылданар кезде, президент Қасым-Жомарт Тоқаев айтқандай, халықтың пікірі де ескерілетінін ескерте кетті.

Қазақстанда атом электр станциясын салу туралы шешім әлі қабылданған жоқ. Қазіргі кезде АҚШ, Оңтүстік Корея, Франция, Қытай және Ресейдегі реакторлық технологиялар зерттелуде. Бұл туралы Энергетика министрлігі zakon.kz жолдаған сауалына берген жауабында айтылған.

Энергетика министрлігі жыл сайын электр энергиясының орта және ұзақ мерзімді балансын бақылайтыны хабарланған. Ұзақ мерзімді болжамды баланс қуат тапшылығына ұрынған. Сондықтан Энергетика министрлігі әртүрлі энергия көздерін қолдана отырып, негізгі және икемді электр энергиясын өндіруді іске қосу нұсқаларын қарастырып жатыр.

Тұтынудың жыл сайынғы өсімін және экологиялық талаптардың қатаюын ескере отырып, АЭС базалық жүктеменің орнын толтырудың баламалы көздерінің бірі болып табылады. Министрлік АҚШ, Оңтүстік Корея, Франция, Қытай, Ресей және т.б. секілді әлемдегі жетекші өндірушілердің реакторлық технологияларын зерттеуде. Алайда қазіргі уақытта Қазақстанда атом электр стансасын салу туралы шешім қабылданған жоқ, делінген хабарламада.

Министрлік атом электр станциясын салу туралы шешім қабылданар кезде, президент Қасым-Жомарт Тоқаев айтқандай, халықтың пікірі де ескерілетінін ескерте кетті.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: