Жаңалықтар тізбегі
0

Халық кедейленіп барады: көмек сұрайтындар 10 есеге көбейді

видеодан кадр, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.02.2021 22:12 видеодан кадр
Ал азық-түліктің бағасы күн санап өсуде.

Тұрмысы төмендеген азаматтардың саны артты. Бүгінде қайырымдылық қорына көмек сұрап келетіндер көбейген. Бұған дейін тек мүгедек, аз қамтылған отбасыларғды азық-түлік, киім-кешекпен қамтамасыз етіп отырған қор, енді тұрақты табысы барларды да қамқорлыққа алуда. Мекеме қызметкерлері, қазір балалар киіміне, аяқ-киімге сұраныс артқанын айтады, деп хабарлайды zakon.kz Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.

Айсара Рүстембекова немересіне киімдерді қайырымдылық қорынын дүкендерінен іздейді. Себебі, тапқан-таянғаны ішкен жегенінен артылмайды. Мүгедек қызы мен немересінен түсетін жәрдемақы тек пәтер ақысын төлеуге жетеді. Егер артылса айына бір рет ет асып жейміз, дейді кейуана

Айсара Рүстембекова, қала тұрғыны:

Не киіндіруге, ас ауқатқа, не продуктіге... Өте қымбаттап жатыр. Киім, бәрі қымбаттап жатыр. Нанға қарынымыз жоқ. Бірде ет жесек, екінші ай жемейміз. Қордың өте қатты көмегі бар. Тамағымызды жеткізіп береді, Ораза айында қолын созады.

Қайырымдылық қорының жетекшісі соңғы бір жылда көмекке мұқтаж жандар көбейді деп отыр. Оның айтуынша, бір жыл бұрын күніне тек 20 адам киім, азық-түлік алуға келсе, қазір адам саны 10 есеге артыпты.

Назгүл Мақажанова, қайырымдылық қорының жетекшісі:

Күніне 15-20 адамға ғана келетін, киім алуға тамақ алуға, курстарға жазыламсыз деп. Былтырғы наурыздан кейін адам саны 10 есе көбейді. Көмек сұрайтындар көбейді. Арасында табысы бар, тұрақты жұмыс істейтіндер келеді.

Ресми мәліметке сенсек, күнкөрісі төмендеген халықтың саны 1 миллионнан асқан. Бұл соңғы 9 жылда тіркелмеген кері көрсеткіш. Экономистер де коронадағдарыс халықты тығырыққа тіреп, жұмыссыздық деңгейін арттырғанын айтуда.

Мақсат Халық, экономист:

Халықтың бюджет шығындарында азық-түлікке жұмсалатын шығын 57 пайыз деп көрсетілген. Яғни, тең жарымын азыққа жұмсайды. Ол Еуропада 12 пайыз. Ал бізде табысының көп бөлігі ресми статистика, тіпті табымының бәрін жұмсап отырған бар, ал бейресми статистика бүкіл табысын жұмсап отырғандар бар.

Сарапшылар, 60-70 мың теңгеден төмен жалақы алатын азаматтардың саны алдағы уақытта 2 миллионға жетуі әбден мүмкін дейді. Себебі Біріккен ұлттар ұйымының есептеріне үнілетін болсақ, күніне 5,5 доллар табыс табатын азаматтар кедей болып есептеледі. Ал азық-түліктің бағасы күн санап өсуде. Мәселен, соңғы айлда жұмыртқа мен тауықтың бағасы қымбаттады. Қазір дүкеннен 10 дана жұмыртқаны кемі 500-600 тг сатып аласыз.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: