Жаңалықтар тізбегі
0

Американың Perseverance марсоходы Марсқа қонды

Nasa/Handout (AFP), сурет - Zakon.kz жаңалық 19.02.2021 15:44 Nasa/Handout (AFP)
Perseverance Марсқа былтыр шілде айында ұшырылған.

Америкалық Perseverance марсоходы Марсқа сәтті қонды. Америкалық аэроғарыш агенттігі (NASA) ресми сайтында тікелей эфир жүргізді, деп хабарлайды zakon.kz centralasian.org-ке сілтеме жасап.

Марсоход планетада бұрын өмір болған-болмағанын зерттейді әрі топырақ үлгісін алып, Жерге жеткізеді.

Марсқа парашют арқылы қону жеті минөтке созылды. Осыдан кейін аппарат алғашқы суретін түсірді.

Perseverance Марсқа былтыр шілде айында ұшырылған. "Марс-2020" миссиясы аясында қондырғы планетада 700 тәулік жұмыс істейді.

Ақпан айының басында Марс орбитасына Қытайдың ғарыш зонды шығарылған. Мамыр айында қондырғы Марсқа қонады деп болжап отыр. Қытай ғалымдары бұл миссия адамзаттың Марсқа көшу мүмкіндігін зерттейді дейді.

Қытайға дейін арабтың "Әл-Амал" спутнигі Марсқа ұшырылған. Оны былтыр жазда Біріккен Араб әмірлігі ұшырған. Олардың мақсаты - атмосферсын, климатын және жыл мезгілін зерттеу.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: