Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстанда 14 мыңнан астам шетелдік жұмыс істеп жүр 

radiotochka.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.02.2021 16:01 radiotochka.kz
Қытай – 3 530 адам, Түркия – 1 492 адам, Үндістан – 1 119 адам, Ұлыбритания – 882 адам, Өзбекстан – 593 адам.

2021 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасының аумағында жергілікті атқарушы органдардың рұқсаты бойынша 14 136 шетелдік азамат еңбек қызметін жүзеге асыруда, деп хабарлайды zakon.kz ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шетелдік жұмыс күшін (бұдан әрі – ШЖК) тартуға берілген рұқсаттардың ішінде мынадай санаттар бар: бірінші санат – 631 (басшылар және олардың орынбасарлары), екінші санат – 3 262 (құрылымдық бөлімшелердің басшылары). Тартылған ШЖК-нің негізгі бөлігі үшінші (мамандар) және төртінші (білікті жұмысшылар) санаттарға жатады – тиісінше 7 172 адам және 749 адам. Сондай-ақ маусымдық жұмыстарға – 658 адам, ал корпоративтік ауыстыру шеңберінде – 1 664 адам тартылды.

Қазіргі уақытта Қазақстанда ШЖК пайдаланатын 1 657 жұмыс беруші бар. Оларда 402 мыңнан астам Қазақстан азаматтары жұмыс істейді, бұл жалпы жұмысшылар санының 96%-ын құрайды.

Еңбекші мигранттар шығатын негізгі елдер келесі: Қытай – 3 530 адам, Түркия – 1 492 адам, Үндістан – 1 119 адам, Ұлыбритания – 882 адам, Өзбекстан – 593 адам.

Естеріңізге сала кетейік, ішкі еңбек нарығын қорғау мақсатында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жыл сайын елімізге шетелдік мамандарды тартуға квота белгілейді. 2021 жылы квота мөлшері жұмыс күшіне шаққанда 0,31%-ды немесе 29,3 мың бірлікті құрады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: