Қазақстанда Kia автокөліктері арзандайды

19 Ақпан 2021, 10:43
Сурет: kolesa.kz

2021 жылы қаңтарда Kia Қазақстандағы дистрибьюторын ауыстырды. Енді кореялық марка өнімдерін сатумен басқа дилер айналысады, ал көліктер Қостанайда құрастырылады. Жаңа машиналар наурызда сатылымға шығады, ал біз кейбірінің бағасын білеміз, дейді kolesa.kz.

Rio-дан бастайық. "Бипэк Авто" салонында модель тек 1.6 литрлік мотормен және автомат қораппен ұсынылады. Ең қарапайым Classic Audio жиынтығы 6 540 000 теңге тұрады. Көліктің жаңа желідегі соған ұқсас нұсқасы 6 390 000 теңгеден саудаланады. Ал Premium 350 000 теңгеге арзандайды, оны алам десеңіз 7 990 000 жұмсайсыз. Наурызда Rio-ны механикамен және 100 ат күшіне ие 1.4 литрлік мотормен алуға болады. Модельдің бұл нұсқасы 5 890 000 теңге тұрады.

Kia Cerato наурызда Comfort, Luxe және Prestige жиынтығында ұсынылады. Бағасы 7 590 000 (механика қорабы бар Comfort) мен 9 490 000 теңге (Prestige) аралығында. Comfort-тың автомат қорабы бар нұсқасы 400 000 теңгеге қымбат.

Kia K5 бірнеше нұсқасынан арылады, бірақ 150 ат күшіне ие 2.0 MPI және 194 ат күшіне ие 2.5 GDI моторларын сақтап қалады. Қарапайым Comfort 9 990 000 тұрады. Kia K5 GT Line қазір 14 490 000 теңгеден саудалануда, ал Қостанайда құрастырылған көлік үшін 13 990 000 сұралады.

Жалпы марканың модельдік топтамасы бұрын "Бипэк Авто сатқан көліктерден құралған. Тізімде Cerato, K5, Picanto, Rio, Rio-X, Seltos, Sorento, Soul және Sportage бар.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?