Бұлар кім? Елде L сериялы сары нөмірлі көліктер жүр

19 Ақпан 2021, 11:27
Сурет: Тимур Еникеев

Алматыда L әріпі бар сары нөмірлі көліктер жүр. Ал көлікті тіркеу ережесінде мұндай әріпі бар серия туралы жазылмаған, деп хабарлайды zakon.kz.

Kolesa.kz тілшісіне "Азаматтарға арналған үкімет" мамандары түсіндіргендей, әріптік белгілер тізімі ҚР ІІМ бұйрығына сай кеңейтілді.

Енді L литерасы бар нөмір шетелдік заңды тұлға иелік ететін, бірақ Қазақстан аумағында тіркелген көліктерге беріледі.

Бұрын ондай машиналарға Н және С сериялы мемлекеттік нөмір тағылатын, алайда Алматыда нөмірлер тізбесі таусылыпты (әр серияның саны 9999 тізбеден аспайды). Сондықтан L әрпі қолданыла бастады.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?