Сапарбаевтың онлайн жиынында оқыс жайт орын алды

19 Ақпан 2021, 16:01
Сурет: Баспасөз қызметі

19 ақпанда Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың онлайн режимде халыққа есеп беру кездесуі өтті, деп хабарлайды zakon.kz.

Іс-шара онлайн режимінде өтті және ол бірнеше ақпараттық ресурс арқылы, соның ішінде облыстық "Жамбыл" телеарнасынан да көрсетілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Аймақ басшысы жұрттан келіп түскен сұрақтарға жауап беріп жатқанда мінберге бекітілген елтаңба салдыр-гүлдір етіп жерге түсті. Сасып қалған әкім сөзін ортасынан үзіп, төменге үңіліп жерде жатқан ел рәмізін көрді.

Әкім мемлекеттік рәмізді көтеруді сұрады, содан кейін ғана сөзін жалғастырды.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?