Ем-дом алу үшін зейнетақы жинағын қай туысқанына беруге рұқсат

19 Ақпан 2021, 18:16
Сурет: Pixabay

Қазақстандықтарға жинақталған зейнетақы қаражатының бір бөлігін жақын туыстарының еміне беруге рұқсат етіледі. Бұл туралы "Отбасы банкі" басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова мәлімдеді, деп хабарлайды zakon.kz тілшісі.

Ережеге сәйкес, зейнетақы жинақтарын жақын туыстарына тағайындауға жол беріледі. Шын мәнінде, бұл тұрғын үй ережелерінде көрсетілгендей, жақын туыстардың тізімі. Ата-анасы, баласы, асырап алушылары, туған әпкесі мен ағасы, туысқан әпкесі мен ағасы, атасы, апасы, немересі, - деді Ләззат Ибрагимова ОКҚ-да өткен брифингіде.

Айта кету керек, 25 ақпаннан бастап қазақстандықтар зейнетақы жинақтарын ем-домға пайдалану үшін оларды шешіп алуға өтініш бере алады.

Медициналық қызметтердің тізімі:
- орфондық аурулар емі;
- стоматологиялық қызметтер - протездеу, имплантациялау;
- операциядан кейінгі тыртықтар мен туа біткен ақауларды түзету мақсатында қалпына келтіру отасы (пластикалық), сонымен қатар мастэктомиядан кейін;
- радионуклидті және радиоиодты терапия;
- радиохирургиялық емдеу;
- сәулелендіру (протонды) терапия;
- офтальмологиялық қызметтер.

Сондай-ақ, бұл тізімге экстракорпоральды ұрықтандыру (ЭКО) қызметі де жатады.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?