Жаңалықтар тізбегі
0

Жаңатастағы бес баланың өлімі. Өрттің неден шыққаны айтылды

Pixabay, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.02.2021 04:56 Pixabay
Сонымен бірге ол әлеуметтік желілерде өртте жарақат алған 60 жастағы әйел туралы қауесетті жоққа шығарды.

Жаңатастағы өрттің алдын-ала себебі белгілі болды, деп хабарлайды zakon.kz.

Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, алдын-ала мәліметтер бойынша, Жаңатас қаласындағы тұрғын үйдің пәтеріндегі өрт жанғыш материалдың бетіне от көзінің түсуінен болған.

Өрт фактісіне сәйкес, ҚР Қылмыстық кодекстің 292-бабы, 3-тармағы (өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сот-сараптама орталығы мамандарының алдын-ала мәліметтері бойынша, кісі өлімі көміртегі тотығынан улануынан орын алған, ал өрт жанғыш материалдың, төсек-орын жаймасының үстіне оттың түсуінен болған. Өрттің нақты себебі туралы барлық қажетті сараптамалардың нәтижелері бойынша жарияланады, - деді Жамбыл облыстық полиция басқармасы бастығының бірінші орынбасары Бақыт Ратаев Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында.

Өз кезегінде Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Ермек Момбаев өрт-техникалық зертхананың алдын-ала зерттеу мәліметтерін жариялады.

Өрт бес қабатты тұрғын үйдің үшінші қабатындағы үш бөлмелі пәтерден шыққан. Балалар бөлмесі өтке оранған. Өрттің ауданы 16 шаршы метрді құрады. Оқиға орнында жылжымалы өрт-техникалық зертханасы зерттеу жүргізген кезде сымдар мен электр жабдықтарынан ақаулар, пештер және басқа да қосымша жылыту құрылғылары табылған жоқ, үй орталық жылыту желісіне қосылды, - деді ол.

Арнайы комиссия төрағасы, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Ұлан Жазылбек зардап шеккен отбасыға барлық қажетті көмек көрсетіліп жатқанын атап өтті.

Оқиғаның барлық мән-жайларын түсіндіру үшін облыс әкімінің өкімімен комиссия құрылды, оның құрамына жергілікті атқарушы органдардың, прокуратураның, полиция бөлімінің, төтенше жағдайлар департаментінің және басқа да жауапты мемлекеттік органдардың өкілдері кірді. Комиссия мүшелері қайғылы оқиға орнына кеше аттанған, қазір өз жұмысын жалғастыруда. Біз барлық қажетті көмектерді, соның ішінде психологтарды және жерлеуді ұйымдастыру жағына көмектесеміз, - деп толықтырды облыс әкімі орынбасары зардап шеккен отбасыға көңіл айта отырып.

Оның айтуынша, отбасының әкесі медициналық мекемеде жұмыс істейді, ал анасы декреттік демалыста.

Сонымен бірге ол әлеуметтік желілерде өртте жарақат алған 60 жастағы әйел туралы қауесетті жоққа шығарды.

Бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Басқа құрбандар жоқ, - деді Ұлан Жазылбек.

Айта кетсек, 19 ақпанда Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Жаңатас қаласында қайғылы оқиға орын алды. Сағат 15:15-те қаладағы шағын аудандардың біріндегі бес қабатты тұрғын үйдің үшінші қабатындағы пәтер өртке оранды. Пәтерде 2015, 2016, 2017, 2019 және 2020 жылдары туылған бес кәмелетке толмаған бала болған. Олар қараусыз қалған: әкесі жұмыста болса, анасы дүкенге кеткен. Балалар көмірқышқыл газынан зардап шегіп, шұғыл ауруханаға жатқызылды, бірақ оларды құтқару мүмкін болмады, бесеуі де қайтыс болды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: