Шымкент соты қос азаматтығы бар шендіге қатысты шешім шығарды

22 Ақпан 2021, 15:59
Сурет: diapazon.kz

Шымкент қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасының бастығы Олег Почиваловқа қатысты сот шешім қабылдады. Ол полиция бөліміне өзін Қазақстан азаматтығынан айырған сот шешіміне қарсы өтініш түсірген еді, деп хабарлайды zakon.kz.

Шымкентте Спорт басқармасының басшысы Олег Почиваловтың екі азаматтығы бары анықталды: ресейлік және қазақстандық. Қазақстан азаматтығынан ол айырылып тынды. Почивалов соттың бұл шешімімен келіспей, Шымкент қалалық полиция бөліміне арыз түсірді.

Бүгін, 22 ақпанда сот шенеуніктің бұл талап арызын қанағаттандырмады.

Шымкент қаласының әл-Фараби аудандық сотының есебінде Почиваловтың 2020 жылдың қаңтарында Қазақстан азаматтығынан айрылғаны атап көрсетілген. Ол Ресей төлқұжатын 2020 жылдың наурызында алған. Бұл факт Ресейдің ішкі істер министрлігінің берген жауабымен расталады.

Өз кезегінде Почивалов сотқа осы фактілерді жоққа шығаратын дәлелдемелер ұсынбаған. Сондықтан талап-арыз қанағаттандырылған жоқ.

Почиваловтың Ресей азаматтығына ие екендігі ұжымы жолдаған үндеуден кейін белгілі болды. Кейіннен шенеунік өзінің қос азаматтығы туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейтіндігін айтқан.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?