Нұр-Сұлтанда су тасқынына қарсы іс-шаралар күшейтілді

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі
Су тасқынының алдын алу және салдарын жою үшін инертті материалдар қоры дайындалды. Азаматтық қорғау органдары, коммуналдық қызметтер тұрақты дайындыққа келтірілді.

Арық-науа желілерін, нөсер кәрізі жүйесін тазарту, сол сияқты нөсер кәріздері мен тазарту құрылыстарын салу, қорғау бөгетін реконструкциялау секілді іс-шаралардың кешенді жоспары бекітілді.

Қалада су тасқынының қаупі бар учаскелер саны өткен жылдармен салыстырғанда 8 учаскеге азайды. Су тасқынына қарсы іс-шаралар әкімдікте өткен кеңесте талқыланды. Жиынға ТЖД, "Қазсушар" РМК, "Қазгидромет" РМК өкілдері, ведомстволық бағынысты құрылымдық бөлімшелер және т.б. қатысты.

Осылайша, Астана су қоймасының жоспарлы жұмыс кестесі бекітілді. Өткен жылдың күзінен бастап Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі су жинайтын құрылғысы бар қорғаныс бөгетін қайта құру бойынша құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуде. Бұл реттегіштің өткізу қабілетін арттырады.

https://static.zakon.kz/uploads/posts/2021-02/1613991112_11.jpg

Су тасқынының алдын алу және салдарын жою үшін инертті материалдар қоры дайындалды. Азаматтық қорғау органдары, коммуналдық қызметтер тұрақты дайындыққа келтірілді.

Қарды уақытылы тазалау ерекше бақылауға алынды. Бүгінгі таңда қала аумағынан 2,6 млн текше метрден астам қар шығарылды. Күн сайын қаланы санитарлық тазалауға 1100 бірлік арнайы техника мен 2 мың жол жұмысшы шығады.

https://static.zakon.kz/uploads/posts/2021-02/1613991146_12.jpg

"Қазгидромет" РМК деректері бойынша топырақтың қату тереңдігі 73 см құрайды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 40%-ға артық.

Елорда әкімі Алтай Көлгінов қорғаныс бөгетін қайта құру бойынша Контрреттегіште жүргізіліп жатқан жұмыстарды ерекше бақылауға алуды, Майбалық көлінен Нұра-Есіл арнасына дейінгі аралықта тазарту жұмыстарын бастауды, тұрғын үй алаптарына ерекше назар аударуды тапсырды.

https://static.zakon.kz/uploads/posts/2021-02/1613991211_13.jpg

"Өткен жылы жауын-шашын көп болды, су тасқынына қарсы іс-шаралар бойынша үлкен жұмыстар жүргізіліп, су басудың алдын алды. Биыл жер қыртысының қатуы тереңірек екенін ескеру қажет. Сондықтан су басу қаупін азайту қажет. Қаланың тұрғын үй алаптарына ерекше назар аудару керек", - деп атап өтті елорда әкімі.

https://static.zakon.kz/uploads/posts/2021-02/1613991189_14.jpg

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз