Жаңалықтар тізбегі
0

ШҚО-да шендінің пара алу фактісі бойынша параға ықпал еткен мән-жайлар қаралды

Парасаттылық департаменті, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.02.2021 18:32 Парасаттылық департаменті
ҚІЖК-нің 200-бабы тәртібінде енгізілген ұсыным қаралды.

ШҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің басшысы Е.Н. Жалмағамбет "ҚР АШМ Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің ШҚО аумақтық инспекциясы" ММ қызметкерлерімен онлайн-кеңес өткізді, деп хабарлайды zakon.kz.

Кеңес барысында "ҚР АШМ Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің ШҚО аумақтық инспекциясы" ММ лауазымды тұлғасына қатысты азамат Т-ны аумақтық инспекцияның бас маманы лауазымына және өзінің туысының делдалдығы арқылы жалпы қамқорлығымен жұмысқа орналастырғаны үшін пара алу фактісі бойынша қылмыстық іс бойынша ҚІЖК-нің 200-бабы тәртібінде енгізілген ұсыным қаралды.

Қылмыстық іс сотта қаралуда.

Бұдан басқа, аумақтық инспекция сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды енгізу бойынша пәрменді және тиімді жұмысты қамтамасыз етпеген, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтің тетіктері іске қосылмаған.

Сыбайлас жемқорлық көріністерін болдырмау мақсатында ШҚО сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі "ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің ШҚО аумақтық инспекциясы" ММ-не аталған құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал еткен себептерді жою бойынша тиісті ұсынымдар енгізді.

Профилактикалық жұмысты күшейту шеңберінде осындай ұсыныстар әрбір қылмыстық іс бойынша енгізіледі және қылмыс жасаған лауазымды адам тікелей жұмыс істеген мемлекеттік органдардың еңбек ұжымдарында қаралады.

Сыбайлас жемқорлық фактілері туралы кез келген азамат 24/7 режимінде жұмыс істейтін "1424" Call-орталығы арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке хабарлай алады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: