Жаңалықтар тізбегі
0

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі аппаратының басшысы тағайындалды

primeminister.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.02.2021 20:41 primeminister.kz
Бұл лауазымды қызметке Серік Егізбаев келді.

Серік Егізбаев Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі аппаратының басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды zakon.kz.

Серік Егізбаев 1963 жылы Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Батыс Қазақстан ауыл шаруашылығы институтын, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын, Қазақ мемлекеттік заң академиясын, сондай-ақ БЛКЖО жанындағы Жоғары комсомол мектебін тәмамдаған.

Еңбек жолын Орал (қазіргі Батыс Қазақстан) облысындағы "Чапаев" зауытында жұмысшы болып бастаған. Ауыл шаруашылығы институтын бітіргеннен кейін зауытқа қайта оралды.

1990-1993 жылдары — Орал облыстық Қазақстан Жастар Одағы идеологиялық бөлімінің меңгеруші-хатшысы.

1993 жылы — Батыс Қазақстан облыстық Қазақстан Жастар одағының бірінші хатшысы болып тағайындалды.

1997-1998 жылдары Батыс Қазақстан облысының әкімдігінде бас инспектор, ұйымдастыру және кадр жұмысы департаменті директорының орынбасары лауазымдарында қызмет атқарды.

2000 жылдан 2001 жылға дейін ҚР Қаржы министрлігінің Ұйымдастыру және кадр жұмысы департаментінің бөлім басшысы болып жұмыс істеді.

2001-2007 жылдары ҚР Премьер-Министрінің Кеңсесінде түрлі қызметтер атқарған.

2007-2016 жылдары — ҚР Президенті Әкімшілігінде түрлі лауазымдарда жұмыс істеген. 2016 жылғы қазанда ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі болып тағайындалды.

2017 жылғы наурызда — "Қазақстан" РТРК басқарма төрағасының өңірлік даму жөніндегі орынбасары.

2019 жылғы қыркүйек айынан бастап қазірге дейін Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: