Қазақстанда ресейлік нөмірлі Lada мен "ВАЗ" қаптады

25 Ақпан 2021, 15:38
Сурет: kolesa.kz

Қазақстанда Lada мен ВАЗ көліктерін сату туралы 25,3 мың хабарландыру жүр, дейді kolesa.kz.

Қызығы, сол 25,3 мың Lada-ның (ВАЗ) 13,3 мыңы ғана Қазақстанда кедендік рәсімдеуден өткен. Қалғаны Ресейде есепте тұр.

Біздің нарықтағы ресейлік машиналардың басым бөлігі ескі "жигули", ВАЗ-2110 және Lada Samara 2 топтамасындағы модельдер.

Kolesa.kz-тегі ресейлік импорттың жарқын көрінісі — екінші "Самара", нақтырақ айтсақ ВАЗ-2114 пен ВАЗ-2115. Біріншсінің 4.7 мыңы сатылымда, олардың 1.6 мыңы ғана қазақстандық нөмір таққан. 2.4 мың данасы сатылып жатқан екінші модельдің небәрі 700-і біздің елде ресми тіркелген.

Lada 110 модельдерінің сұранысы сәл төмен. Сайтта 3.4 мың көлік саудаланып жатса, тек 864-і біздің елде есепте тұр.

Ресейлік нөмірдегі көліктердің жаппай сатылымға шығуына олар да армениялық машиналардың күйін кешеді деген сыбыстың таралуы себеп болуы мүмкін. Бұл жайлы ресми мәлімдеме жасалған жоқ. 2020 жылы желтоқсанда Kolesa.kz редакциясының сауалына жауап берген ІІМ Ресейде есепте тұрған техниканы Қазақстанда тіркеу жоспарда жоқ екенін хабарлады.

Дегенмен криминалды және көрші елде есептен шығарылған көліктер әлі де анықталып жатыр. Осы мақсатта камералар мен бейнетіркеуіштер қолданылуда. Бұл жаңалықта көп айтылатын сыңары бар көліктерге де қатысты.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?