Жаңалықтар тізбегі
0

COVID-19-ды туберкулезден қалай ажыратуға болады

Алматы ӨКҚ, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.02.2021 22:33 Алматы ӨКҚ
Осындай бір нәрсені Алматы дәрігерлері айтты.

24 ақпанда бүкіл әлемде Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күніне (24 Наурыз) орай айлық басталды. №36 Қалалық емхананың фтизиолог-дәрігері Қарагөз Өтемұратова айтқандай, клиникалық түрде туберкулез коронавирус инфекциясынан түр айырмашылығы жоқ. Туберкулез кезінде, COVID-19 инфекциясы секілді өкпе зақымданады, жөтел, дене қызуы, ентігу пайда болады, кейбір жағдайда қан қақырады. Тексеріске дейінгі айырмашылықты қақырықты алумен және ПТР тесті анализдері арқылы ғана білуге болады.

COVID-19 инфекциясы кезінде жөтел лезде пайда болмайды, ең алдымен, дене қызуы көтеріліп, иіс сезу қабілеті жоғалады, ентігеді, егер туберкулез кезінде жоғарыда аталып өткен барлық белгілерге ең негізгі белгі болып жөтел қосылса, мұнда ең алдымен өкпе зақымданады, дейді Қарагөз Өтемұратова.

КВИ – бұл вирустан туындайтын ауру, туберкулездің қоздырғышы болып ба ктерия саналады, COVID-19 кезінде өкпені вирус зақымдаса, туберкулезда бактерия.

COVID-19 инфекциясы мен туберкулездің арасындағы айрықша белгі- бұл әрине емделу уақытының ұзақтығында. Коронавирус инфекциясы 2-3 апта, ең ұзақ дегенде бір ай емделеді. Туберкулез бұған қарағанда ұзағырақ- ең азы 18 айдан 3 жылға дейін, - деп хабарлады ол.

Туберкулезді келесідей 4 зерттеу әдісімен анықтауға болады: бактериологиялық (материал мен жасушалы зерттеуді, яғни, материалдың себіндісін микроскопппен қарау), молекулярлық-генетикалық шұғыл әдіспен (GeneXpert, Хайн-тест), рентгенологиялық және туберкулинодиагностикамен (Манту сынамасы).

Біздің емханада туберкулезді анықтау үшін барлық қажетті заттар қаралған. Ең бірінші, фильтр кабинеттер және қақырық алынатын фтизиокабинет. Бұл кабинеттер жалпы кіре берістен бөлек орналасқан. Мұнда КВИ белгілері бар және 2 аптадан аса жөтелі бар пациенттердің алғашқы диагностикасы жүргізіледі. Материалды алып, егер адамда ашық түрдегі туберкулез белгіленсе, пациентті тубдиспансерге жатқызамыз, онда ол 3 ай аралығында ем алып, одан соң амбулаторлық түрде қаралады. Аптасына бір рет бізге емханаға келіп, онда пациенттің салмағын ескере отырып күнне бөлініп берілетін, арнайы ыдыстағы таблетканы алып қабылдайды, - деп атап өтті маман.

Қорытындылай келе, маман туберкулез КВИ секілді ауа тамшылы арқылы берілетінін атап өтті, сондықтан да қауіпсіздіктің барлық шараларын сақтап, онымен қоса бетперде тағып, әлеуметтік қашықтықты сақтау керек.

Естеріңізге сала кетейік, 5 жыл ішінде Алматыда туберкулезбен сырқаттану көрсеткіші 42,8% - ға төмендеген.

Айлық аясында Алматыда фтизиатр, фтизиопедиатрлардың консультациялары, ел тұрғындарын флюорографиялық тексеру, кең ауқымды акциялар жоспарланған.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: