Мальдив аралдарында қазақтың бай жігіті дүркіретіп той жасады

26 Ақпан 2021, 09:55
Сурет: Instagram

Алмаз есімді қазақстандық кәсіпкер украиналық тележүргізуші Иванна Онуфричукті жар етті, деп хабарлайды zakon.kz STRANA.ua-ға сілтеме жасап.

Олар тойды Мальдив аралдарында дүркіретіп өткізді.

Керемет демалыс әрі өмірдің ең жарқын сәті бейнеленген суреттер топтамасын Онуфричук Instagram-дағы парақшасында жариялады.

Иваннаның көйлегі ливандық дизайнер Джордж Хобейк тігіпті, ал ішінде бір кішкентай қыз да бар жас қыздар қызғылт көйлекте болған. Күйеу жігіт болса, ақ кастөм-шалбар киіпті.

Салтанатты шара Four Seasons қызметкерлері қызмет ететін жекеменшік Воава аралында дүркіреп өтті. Воава аралы барлығы 22 адамға дейін қабылдай алады және оның құны күніне 40 000 доллар тұрады.

Дэн Балан, Дима Монатик және Лида Ли мен Нино мереке қонақтарына ән шырқады.

Сондай-ақ үйлену тойында Амадор Лопес RUMBERO тобымен бірге өнер көрсетті. Тойды шоумен Александр Белов пен тележүргізуші Екатерина Варнава жүргізді.

Жас жұбайлар Украинадағы үйлену тойын жазда жасауды жоспарлап отыр. Алмаз Швейцарияда тұратындықтан, ерлі-зайыптылар әзірге екі ел арасында жүре тұрмақ.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Іванна Онуфрійчук (@ivannaonufriichuk)


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?