Арыста әскери жарыстың соңы жаппай төбелеске ұласқан

видеодан алынды видеодан алынды
Ал карантин талабын бұзғаны үшін аталмыш шара ұйымдастырушылары әкімшілік жазаға тартылған.

Арыс қаласында әскери дайындық пәнінен өткізілген оқушылар арасындағы сайыс жаппай төбелеспен аяқталды. Бас жүлдеге бола бас жаруға дейін барған жеткіншектер әділқазылардың шешімі үшін қырқық пышақ болған, деп хабарлайды zakon.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап.

- Арыс қаласы әкімі Мұрат Қадырбектің арнайы дипломымен, 20 мың теңге сертификатпен, әй, әй!

Сайысты салтанатты түрде қортындылауға Мәдениет үйіне жиналған оқушылар мына видеода бір-бірімен жаға жыртысып жатыр. Топ-топ оқушылардың төбелесінде кім-кімді тоқпақтап жатқаны да түсініксіз. "Қой" деп жатқан мұғалімдерді тыңдаған бала жоқ. Ашуға булыққандарды әупірімдеп жүріп сыртқа шығарғанымен, төбелес далада да жалғасыпты. Абырой болғанда айтарлықтай жарақат алғандар жоқ. Соған қарамастан полицейлер тентек оқушыларды тергеп жатыр. Ал карантин талабын бұзғаны үшін аталмыш шара ұйымдастырушылары әкімшілік жазаға тартылған.

Салтанат Қаракөзова, Түркістан облысы ПД баспасөз хатшысы:

- Іздестіру жұмысын жүргізгенде бұзақылық жәйтіне қатысты жергілікті тұрғындар анықталды. Барлығы жас жігіттер. Оқу бөлімдерінің оқушылары. Оларға қатысты тергеу жүргізілуде. Болған оқиғаның мән-жайы анықталуда.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз