ДСМ биыл екі ұлттық жоба ұсынбақ

1 Наурыз 2021, 11:45
Сурет: ҚР ДСМ баспасөз қызметі

Бүгін ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің алқа отырысында Денсаулық сақтау министрінің бірінші орынбасары Марат Шоранов ҚР денсаулық сақтауды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын ұлттық денсаулық сақтау жобаларына трансформациялау туралы хабарлады.

Денсаулық сақтау саласындағы үлкен сынаққа қарамастан, өңірлердегі денсаулық сақтау басқармасының басшыларынан азаматтардың денсаулығын жақсарту бойынша шара қабылдауды сұраймын. Министрлік денсаулық сақтау саласында екі ұлттық жоба ұсынады, олар проблемалық мәселелерді ескере отырып әзірленеді. Бұл денсаулық сақтау жүйесін және отандық фармацевтикалық өнеркәсіпті дамытудың ұлттық жобасы. Олар жобалық басқару арқылы іске асырылады, деді бірінші вице-министр.

Ұлттық жобаларды әзірлеу жөніндегі жұмыс тобын Денсаулық сақтау министрлігі биыл 5 наурызға дейін аяқтауды, 2021 жылғы сәуірге дейін – мүдделі мемлекеттік органдармен келісуді және Премьер-Министр Кеңсесіне жіберуді жоспарлап отыр; 1 маусымға дейін Мемлекет басшысы саланы дамыту концепциясын бекітеді, ал 1 шілдеге дейін – Мемлекет басшысы ұлттық жобаларды қабылдайды деп жоспарланған.

2020 жылға арналған мемлекеттік бағдарлама 4 нысаналы индикаторға бағытталған. Бұл: азаматтардың орташа өмір сүру ұзақтығын 73,21 жасқа дейін арттыру, жүрек-қан тамыры, онкологиялық, созылмалы респираторлық аурулардан және қант диабетінен мезгілсіз қайтыс болғандар санын 18,86% дейін төмендету, ана өлімін 17,1-ге дейін азайту, 1 мың тірі туғанға шаққандағы нәресте өлімін 10,1-ге дейін төмендету.

Өңірлерде ана өлімі азаймай отыр. Өйткені, босандыратын маман тапшы, медициналық техникамен толық жабдықталмаған, мамандардың біліктілігі жеткіліксіз, шалғай аудандардағы жүкті әйелдер мен балаларға медициналық көмек көрсету логистикасы пысықталмаған, облыстық клиникалардың аудандық ұйымдармен курациясы нашар, сондай-ақ кадрлар жаппай жеке клиникаларға кетуде. Нәресте өлім-жітімінің көрсеткіші 1 мың тірі туғандарға шаққанда 7,79-ды құрады, нысаналы мәні 10,1. Көрсеткішке қол жеткізілді, деді М.Шоранов.

2020 жылы дене шынықтыру және спортпен шұғылданатын азаматтар 31,6% құрады. Барлық өңірде жетістік байқалады. АИТВ-мен ауыратын адамдарды антиретровирустық терапиямен қамту республика бойынша жоспар 71% еді, нәтиже 73% құрады. Көрсеткішке қол жеткізілді.

Бірінші вице-министр атап өткендей, жол-көлік оқиғалары салдарынан өлім-жітім деңгейі республика бойынша 100 мың тұрғынға шаққанда 10,6 құрады. Осы көрсеткіш бойынша Ақмола облысын қоспағанда, өзге өңірлерде оң өзгеріс байқалады. Республика бойынша туберкулезбен сырқаттану көрсеткіші 100 мың тұрғынға шаққанда 35,7-ні құрады. Өңірлер мақсатты көрсеткішке қол жеткізді.

Коронавирус инфекциясымен байланысты шектеу шаралары осы көрсеткіштердің төмендеуіне айтарлықтай әсер етті, - деді Шоранов.

МСАК көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарына барғандар саны бір тұрғынға шаққанда 4,9 құрады, жоспар бойынша – 4,33 еді, көрсеткішке қол жеткізілді. Алайда, 5 өңір: Атырау, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Батыс Қазақстан, Маңғыстау облыстары нысаналы мәнге жетпейді.

Өңірлерде әкімдіктер амбулаториялық-емханалық ұйымдарда медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру бойынша шаралар қабылдауы қажет, деді бірінші вице-министр.

Денсаулық сақтаудағы жеке инвестициялардың үлесі 40,3% құрады, медициналық ұйымдардың медициналық техникамен жарақтандырылуы 77% құрады, ал медициналық ұйымдар ғимараттарының тозу деңгейі 58,2% құрады.

Кемшіліктер денсаулық сақтау нысандарын күрделі жөндеуге, салуға және қайта құруға бұрын жоспарланған қаражатты короновирус инфекциясымен және оның салдарымен күресуге бағыттаумен байланысты, деп түсіндірді бірінші вице-министр

Өңірлерде медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру үшін ауылдық елді мекендерде 137 фельдшерлік-акушерлік, медициналық пункттер мен дәрігерлік амбулаториялар ашу жоспарлануда. 2021 жылы МЖӘ аясында салынып жатқан 20 аурухананың 8-і мен Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында 2 ірі медициналық зерттеу орталықтарының құрылысын бастау жоспарланған.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?