Михаил Горбачев 90 жасқа келіпті

2 Наурыз 2021, 14:26
Сурет: Александр Земляниченко / AP

2 наурызда Михаил Горбачев 90 жасқа келді, деп хабарлайды zakon.kz.

Михаил Горбачев 1931 жылы 2 наурызда Солтүстік Кавказдағы (қазіргі Ставрополь өңірі) Привольное селосында туған.

1985-ші жылдың 11 наурызында ЦК КПСС-тің бас хатшысы болды.

Горбачев – КСРО-ның билік жүйесінде ірі реформалар жүргізген адам. Оның тұсында жеке кәсіпкерлікке рұқсат берілді, балама сайлау пайда болып, цензура жойылды. Сонымен бірге Батыспен қарым-қатынас түзеліп, қырғи-қабақ соғыс аяқталды.

Алайда жүре келе күрделене берген экономикалық мәселелер мен жергілікті элиталардың билікке бағынбауға тырысуы дағдарысқа әкеп соғып, соның нәтижесінде КСРО күйреді. Горбачев 1991 жылдың желтоқсанында отставкаға кетуге мәжбүр болды.

1996 жылы Горбачев саясатқа оралмақ боп, президент сайлауына түсті, бірақ алған дауысы небәрі 0,51% болған, деп еске алады РБК.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?