Жеті адамды жалмаған Қостанайдағы ірі жол апатының видеосы жарияланды

saqshy.info, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.03.2021 19:56 saqshy.info
Жол-көлік оқиғасы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

2 наурызда Қостанай облысында жол талғамайтын екі көлік бетпе-бет соқтығып, апат салдарынан жеті адам қайтыс болды, деп хабарлайды zakon.kz.

Қостанай-Әулиекөл-Сурган тас жолында ірі жол апаты болды.

Полицияның мәліметінше, Lexus көлігін тізгіндеген Түркістан облысының 36 жастағы тұрғыны алдындағы көлікті басып озу үшін қарама-қарсы жолаққа шығып, 63 жастағы елордалық ер адам басқарған Mitsubishi Pajero автокөлігімен бетпе-бет соқтығысқан.

Апат салдарынан жеті адам оқиға орнында қайтыс болды (Lexus-тен үш адам және Mitsubishi Pajero-дан төрт адам).

Lexus жол талғамайтын көлігі Қостанайдан Нұр-Сұлтанға қарай бет алған, ал Mitsubishi Pajero Қостанай қаласына қарай кетіп бара жатқан, деп толықтырды полициядағылар.

Жол-көлік оқиғасы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: