Жаңалықтар тізбегі
0

Үш күнде 458 мұғалімге вакцина салынды

Pixabay, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.03.2021 23:54 Pixabay
1 наурыздан бастап мұғалімдер екпе ала бастады. Студенттерді вакцинациялау сәуір айына жоспарланған.

Қазақстанда вакцина жүргізу науқаны қызу жүріп жатыр. Екінші кезеңде мұғалімдер екпе ала бастады, қазіргі кезде 458 ұстаз вакцина алып үлгерді, деп хабарлайды zakon.kz тілшісі.

Бүгін вакцинаның екінші партиясы өңірлерге жеткізілді. Өздеріңіз білетіндей, бұл - 93 мың доза. Вакцина барлық дерлік аймақтарға жеткізілді, бірақ тек батыс өңір ғана қалды. Жалпы, медицина қызметкерлеріне қатысты вакцина салу ісі әлі жүргізіліп жатыр. Мұғалімдерді вакцинациялау енді басталды. Бүгін таңертеңгі жағдай бойынша 458 мұғалімге вакцина егілді, - деді Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Денсаулық сақтаудың бірінші вице-министрі Марат Шоранов вакцинация ерікті түрде жүргізілетінін, егер мұғалімдердің бірі вакцинация алғысы келмесе, оны ешкім мәжбүрлемейтінін айтты.

Вакцинация ерікті түрде жасалады. Қазақстан азаматтары үшін оның ешқандай салдар болмайды, - деді ол.

Бүгінгі күні төрт мұғалім екпеден бас тартқанын атап өту керек: үшеуі Қостанай облысынан және бір жағдай Нұр-Сұлтанда.

1 ақпанда Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцинациялау науқаны басталды. Медицина қызметкерлері вакцинаны бірінші болып қабылдады.

1 наурыздан бастап мұғалімдер екпе ала бастады. Студенттерді вакцинациялау сәуір айына жоспарланған.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: