Павлодар облыстық экономикалық сотының төрағасы қызметінен босатылды

4 Наурыз 2021, 09:57
Сурет: видеодан алынды

Павлодарда пара алды деген күдікке ілінген, облыстық мамандандырылған экономикалық соттың төрағасы, ақыры қызметінен қуылды. Талғат Тағажайды жұмысынан босату туралы Жарлыққа ел Президенті қол қойды, деп хабарлайды zakon.kz Астана телеарнасына сілтеме жасап.

Айта кетсек, өткен жылы Павлодар облыстық мамандандырылған экономикалық соттың төрағасы Талғат Тағажай кәсіпкерлердің бірінен 20 мың АҚШ доллары көлемінде пара алды деген күдікпен ұсталған болатын. Кейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері оның пара алмағанын, тек соған оқталғанын айтып, қылмыстық істі тоқтатты. Алайда, Жоғары сот кеңесінің сот алқасы, судья атына кір келтіргені үшін жұмыстан босату керек – деп шешім шығарған.

Маржан ҚҰРМАНҒАЛИЕВА, ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ СОТЫ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ МАМАНЫ:

- ҚР Президентінің 2021 жылғы 27 ақпандағы №525 жарлығымен Павлодар облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының төрағасы Тағажай Т.Б теріс қылық жасағаны үшін қызметінен босатылды.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?