Қазақстанның жеті облысында жолдар жабылды
Қазақстанның жеті облысында ауа-райының қолайсыздығына байланысты жолдар жабылды, деп хабарлайды zakon.kz.
ҚР ИИДМ мәліметтері бойынша мына өңірлердегі жолдар жабық:
Ақмола облысында:
автокөлік құралдарының барлық түрлері үшін:
1. "Жезқазған-Петропавл" жолының 377-536 шақырымдағы Қостанай облысы - Бұзлық ауылы маңындаңы учаске.
2. "Нұр-Сұлтан-Петропавл" - 18-231 шақырымдағы Нұр-Сұлтан-Щучье жолы.
Ақтөбе облысында:
көлік құралдарының барлық түрлері үшін:
1. "Қандыағаш-Ембі-Шалқар-Ырғыз" - 92-257 шақырымындағы Ембі-Шалқар жол учаскесі.
2. Самара-Шымкент тас жолындағы 526-710 шақырым аралығындағы БҚО-Құрашасай учаскечі - жүк және қоғамдық көліктер үшін.
Шығыс Қазақстан облысында:
жүк көлігі мен қоғамдық көліктер үшін:
1. "Өскемен-Шемонаиха" жолының Ресей шекарасына жақын 105-123 шақырымындағы Шемонаиха учакесі.
2. "Өскемен-Риддер" жолының 105-191 шақырымындағы Риддер қаласы мен Ресей шекарасына жақын учаске.
тіркемесі бар жүк көліктері мен қоғамдық көліктер үшін:
3. "Өскемен-Шемонаиха" жолының 15-102 шақырымындағы Глубокое - Шемонаиха тас жолы.
4. "Өскемен-Риддер" жолының 15-105 шақырымындағы Белоусовка-Риддер ауылы учаскесі.
Батыс Қазақстан облысында:
1. Самара-Шымкент тас жолының 394-526 шақырымындағы Жымпиты ауылы, Ақтөбе облысы маңы - жүк және қоғамдық көліктер үшін.
Қарағанды облысында:
1. "Жезқазған-Петропавл" жолында 142-252 шақырымдағы Қостанай облысы, Сарлық ауылы маңындағы учаске - автокөліктің барлық түрлері үшін.
Қостанай облысында:
1. "Жезқазған-Петропавл" автожолындағы 252-377 шақырымдағы Қарағанды облысы мен Ақмола облысына қарасты елді-мекендер учаскесі - көлік құралдарының барлық түрлері үшін.
Солтүстік Қазақстан облысында:
барлық типтегі көлік құралдары үшін:
1. "Булаево-Возвышенка-Молодогвардейское-Кирово-Киялы-Рощинское" жолының 68-132 шақырымдағы Восвышенка ауылы - Ильич ауылы учаскесі.
2. "Көкшетау-Кішкенекөл-Бидайық" жолының 219-280, шақырымдағы Кішкенекөл-РФ ауылы маңындағы учаскесі.