Желідегі қыз ұрлағандардың видеосына қатысты полиция түсініктеме берді
Стихи.ру
22 жастағы қыз өзінің 23 жастағы жігітімен ұрсысып қалғанын, бірақ көлікке өз еркімен отырғанын айтты.
Шымкенттің орталығынан көшеден қыз ұрлау оқиғасы түсірілген видео желіде тарап жатыр, деп хабарлайды zakon.kz.
3 наурызда сағат 20:00 шамасында Шымкент қалалық ПД Әл-Фараби аудандық полиция бөлімшесіне белгісіз біреулер бір қызды Lexus-қа күштеп отырғызып, алып кеткені туралы хабарлама келіп түсті.
Сұрастыру кезінде 22 жастағы қыз өзінің 23 жастағы жігітімен ұрсысып қалғанын, бірақ көлікке өз еркімен отырғанын айтты. Сонымен бірге қыз жас жігітке ешқандай шағымы жоқ екенін жеткізді, - деп атап өтті полициядағылар.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript