2021 жылы Қазақстан 86 млн тонна мұнай өндіруі мүмкін

5 Наурыз 2021, 10:17
Сурет: ҚР Энергетика министрлігі

2021 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда мұнай өндіру көлемі 86 млн тоннаға жетуі мүмкін, деді энергетика министрі Нұрлан Ноғаев, деп хабарлайды zakon.kz.

- 2021 жылдың қаңтар айында қолданылған шектеулерді (ОПЕК+) ескере отырып, ең пессимистік сценарий бойынша 2021 жылға арналған болжамды өндіру көлемі – 83,4 млн тонна болып белгіленді. Бұл ретте бүгінгі таңда әлемдік мұнай нарығы мен мұнайдың баға белгіленімдерінің бірте-бірте қалпына келу үрдісі байқалуда. 86 млн.тонн жоспарды орындау күтілуде. 2020 жылдың қорытындысы бойынша мұнай және конденсат өндіру көлемі 85,7 млн.тоннаны, мұнай экспорты - 68,5 млн тоннаны құрады. Мұнай экспорты 68,5 млн тоннаны құрады. 2021 жылға арналған жоспар 67,5 млн тоннаны құрайды. 2020 жылдың қорытындысы бойынша мұнай өңдеу көлемі - 15,8 млн тонна. 2021 жылға арналған мұнай өңдеу жоспары - 17 млн. тонна. 2020 жылдың қорытындысы бойынша мұнай өнімдерін өндіру көлемі 11,5 млн тоннаны құрады. 2021 жылға арналған жоспар - 12,4 млн тонна, деді Нұрлан Ноғаев Энергетика министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында.


Алқа отырысы барысында министр 2020 жылы өндіру саласы COVID-19 пандемиясынан көп зардап шеккенін атап өтті, бұл мұнай бағасына да әсер етіп, ОПЕК+ келісімі шеңберінде мұнай өндірісін шектеуге, уран өндірісін төмендетуге және тағы басқа салдарға әкеп соқты.

2020 жылғы мамыр айында Қазақстан Үкіметі "Көмірсутектерді барлау және өндіру жөніндегі операцияларды және өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу үшін жер қойнауы учаскелерін пайдалануға уақытша шектеулер енгізу туралы" қаулы жобасын қабылдаған болатын. Осыған ұқсас 2021 жылға арналған қаулыны үкімет 2020 жылғы 29 желтоқсанда (№911) қабылдады.

Мұнай өндірісін шектеу шаралары ОПЕК+ келісімі бойынша Қазақстанның міндеттемелеріне және мұнайға деген сұраныс пен ұсыныс тепе-теңдігінің бұзылуына байланысты қабылданды.

- Үкімет және ОПЕК+ келісіміне қатысушы елдер қабылдаған мұнай өндіру көлемін қысқарту шеңберіндегі шаралардың арқасында 2020 жылдың қорытындысы бойынша мұнайдың бағасы 1 баррель үшін $18-ден $50 долларға дейін өсті. Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы қоймаларындағы мұнайдың коммерциялық қорлары 3214 млн. баррельден 3077 млн. баррельге дейін төмендеді, - деп хабарлады министр.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?