Өскеменде медбике құрамында есірткі бар дәрі берумен айналысқан

zdorovoe-stavropolie.ru zdorovoe-stavropolie.ru
Өскемен қаласындағы дәрігерлік амбулаториялардың бірінде бірқатар бұзушылықтар анықталды.

"Дәрмек" жедел-алдын алу іс-шарасы кезінде Өскемен қаласының полицейлері қаланың дәрігерлік амбулаторияларының біріне тексеру жүргізу кезінде 34 жастағы медбикеден құрамында есірткісі бар дәрі-дәрмектерді тіркеу және беру бойынша бұзушылықтар анықталды, деп хабарлайды zakon.kz.

- Оқиға болған жерден перапараттар мен рецептуралық бланкілер тәркіленіп алынды, деді ШҚО ПД ЕҚҚІҚБ бастығының міндетін атқарушы Василий Гриценко.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 303-бабының 1-бөлігімен (Есiрткi, психотроптық немесе улы заттармен жұмыс істеу қағидаларын бұзу) сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз