Уран кеніштеріндегі жемқорлық. Жамбыл облысында тағы бір шенді сотталды

zakon.kz zakon.kz
Ол - Жамбыл облысы әкімдігінің Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы бастығының бұрынғы орынбасары.

Таразда мемлекетке 50 миллион теңгеден астам шығын келтірген шенеунік 3,5 жылға сотталды. Бұл туралы брифингте ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Айырықша маңызды істер бойынша тергеушісі Данияр Биғайдаров айтты, деп хабарлайды zakon.kz тілшісі.

Ол "Жамбыл облысы Мойынқұм және Қордай аудандарындағы уран кен орындарындағы нысандарда қоршауды қалпына келтіру және ескерту белгілерін орнату" бойынша орындалмаған жұмыстарды орындалды деп қабылдау актілеріне қол қою арқылы қызмет бабын асыра пайдаланды деген күдікке ілінді, соның кесірінен мемлекетке 50 822 236 теңге көлемінде зиян келтірілді, - деді Биғайдаров.

Ол 3 наурызда Тараз қаласының No2 сотының үкімімен Жамбыл облысы әкімдігінің Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы бастығының бұрынғы орынбасары 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылғанын атап өтті.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз