Санитарлық дәрігерлер қазақстандықтарға ескерту жасады

pexels.com pexels.com
Біз ел тұрғындарын жақындарыңызды және айналаңызды коронавирус инфекциясынан қорғауы тиіс маңызды ережелерді есте сақтауға шақырамыз!

Санитарлық дәрігерлер 8 наурыз мерекесі қарсаңында қазақстандықтарға үндеу тастады, деп хабарлайды zakon.kz.

8 наурыз Халықаралық әйелдер күні қарсаңындағы мереке және демалыс күндері барлық шектеу шаралары Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің және өңірлердегі бас мемлекеттік санитарлық дәрігерлердің, Денсаулық сақтау министрлігінің қаулысына сәйкес әлі де өз күшіне ие, делінген хабарламада.

Біз ел тұрғындарын жақындарыңызды және айналаңызды коронавирус инфекциясынан қорғауы тиіс маңызды ережелерді есте сақтауға шақырамыз:

- адамдар көп жиналатын орындарға бармаңыз;

- ұжымдық іс-шараларды өткізбеңіз немесе оған қатыспаңыз;

- денені суықтатып алмаңыз;

- қоғамдық орындарда әлеуметтік арақашықтықты сақтаңыз;

- маска режимін сақтаңыз;

- қолыңызды сабынмен жуыңыз немесе антисептикті мүмкіндігінше жиі қолданыңыз;

- дене қызуы немесе әлсіздік белгілері болса, дереу дәрігердің көмегіне жүгініңіз;

- үй-жайларды үнемі желдетіп отырыңыз;

- үйде күн сайын тазалық жүргізіңіз.

Сонымен қатар, дастарқан басына отырғанда тамақтан улану, ішек инфекцияларының қаупі туралыны да жадыңыздан шығармаңыз, байқаңыз.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз