Нұрлан Нығматулин 8 наурыз мерекесімен құттықтады

8 Наурыз 2021, 12:46
Сурет: Ж.Құспанов

Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин еліміздегі барлық ардақты аналар мен аруларды көктем мезгілігінің ең жарқын, мерейлі мейрамы 8 наурыз халықаралық әйелдер күнімен құттықтады, деп хабарлайды zakon.kz Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мерекелік құттықтауын өзінің Twitter парақшасында жариялады.

Барша Қазақстан әйелдер қауымын 8 наурыз мерекесімен құттықтаймын! Біздің қоғамда әйел азаматтар отбасының ғана емес, мемлекетіміздің берекесі, мерейі. Сондықтан, айтулы мерекеде абзал аналар мен аяулы аруларға зор денсаулық, мол бақыт, қуаныш, шаттық тілеймін! - деп жазды Н. Нығматулин.

Сондай-ақ, Мәжіліс Төрағасы қазақстандық әйелдердің жоғары кәсіби қасиеттерімен қатар, әрдайым нәзіктіктерімен ерекшеленетінін атап өтті.

Нұрлан Нығматулиннің айтуынша, әйелдер қауымы шаңырағының ұйытқысы болып, өскелең ұрпақты отбасылық құндылықтарды құрметтеу рухында тәрбиелеп, еліміздің дамуына, ең алдымен, қазақстандықтардың әлеуметтік әл-ауқатын жақсарту үшін қажетті заңдардың қабылдануына зор үлес қосуда. Сонымен қатар, Мәжіліс Спикері ел басшылығының еліміздің қоғамдық-саяси өміріндегі әйелдердің рөлін арттыруға, ана мен баланы қолдауға аса маңызды бағыттардың бірі ретінде ерекше көңіл бөлетініне назар аударды.

Барлық әйелдерге көктемгі көтеріңкі көңіл-күй, мықты денсаулық, амандық және барлық бастамаларына табыс тілеймін! - деді Нұрлан Нығматулин.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?