Өткен тәулікте коронавирустан жеті адам қайтыс болды

Қазақстанда өткен тәулікте коронавирустың салдарынан жеті адам қайтыс болды, деп хабарлайды zakon.kz.
2021 жылғы 8 наурыздағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасында коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы мәлімет жарияланды.
9 наурыздағы жағдай бойынша, елімізде 18 758 адам КВИ-ден ем-дом алып жатыр (13 812: КВИ + және 4 946: КВИ -), оның 4 638-і стационарларда, ал 14 120 науқас амбулаториялық деңгейде ем алуда.
КВИ + және КВИ- науқастар арасында:
• ауыр жағдайда - 254 науқас,
• өте ауыр жағдайда - 54 науқас;
• өкпеге ауа жіберетін аппаратқа қосылған - 40 науқас.
Жалпы бір тәулікте коронавирустың салдарынан жеті адам қайтыс болды.
COVID-19 белгілері бар пневмонияғашалдығушылар туралы мәліметтер
2021 жылдың 7 наурызындағы жағдай бойынша, екеуі кісі өліміне әкеліп соққан 4 жағдай тіркелді, 182 адам ауруынан жазылды.
2020 жылдың 1 тамызынан бастап: 49 577 жағдай, 646 - кісі өлімі тіркелді, емделіп жазылғандардың жалпы саны - 43 985.