Іштің үнемі желдеуі - қатерлі дерттің белгісі

9 Наурыз 2021, 11:32
Сурет: Global Look Press

Іштің жиі кебуі жүрек ауруына әкеліп соғуы мүмкін. Осыны дәлелдейтін мәліметтерді британдық дәрігерлер алға тартты, деп хабарлайды zakon.kz РИА Новостиге сілтеме жасап.

Мамандар бүкіл денеге қанды айдай алмайтын бұлшықеттердің мұндай қабілетсіздігі прогрессивті жағдайда, сайып келгенде, өлімге әкеліп соғуы мүмкін екенін ескертеді.

Жүрек жұмысының нашарлауын бұдан бөлек қозғалмаған кезде де ентігу, шаршау сезімі, аяқтың ісінуі, түнде күшейетін тұрақты жөтел, кеудедегі сырыл, есте сақтау қабілетінің нашарлауы, жүректің бір қалыпта соқпауы сынды белгілер анықтай алады.

Сондай-ақ, өмірге қауіп төндіретін жағдайды білдіретін белгілері: тәбеттің төмендеуі, салмақтың күрт өсуі немесе төмендеуі, бас айналу және естен тану, депрессия, мазасыздық.

Іштің кебуі ауа немесе сұйықтық сияқты заттардың қарынға жиналып, оның кеуіп, тырсылдауын білдіреді. Әрине, бұл - ауру емес, бірақ қандай да бір дерттің немесе ағзадағы дисфункцияның типтік симптомы. Іштің желдеуінің басты себебі - аэрофагия, яғни тағамды шамадан тыс қабылдау және ауа жұтып қою. Ісінудің басқа себептеріне ішектің қабынуы сынды аурулар да түрткі бола алады, мысалы, оған Крон ауруы және ойық жаралы колит, ішектің тітіркенетін синдромы, қант диабеті, ас қорыту немесе іш қату жатады.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?